Жарияланды: 30

Қазақфильм Ресеймен бірлесе түсіретін Астана туралы сериалға кастинг жариялады

Қазақфильм Ресеймен бірлесе түсіретін Астана туралы сериалға кастинг жариялады

Кастингке Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында тұратын 14 пен 15 жас аралығындағы балалар шақырылады.

Қазақфильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы ресейлік "Студия кино" компаниясымен бірлесе отырып түсіргелі жатқан "Махаббат. Үміт. Астана" атты Елорда туралы сериалға кастинг жариялады, деп хабарлайды Today.kz "Қазақфильмнің" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Кастингке Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында тұратын балалар қатыса алады.

Түсірілімге ұлты қазақ, епті, өжет, түсірілімдерде тәжірибесі бар 14-15 жас аралығындағы ұл балалар мен 11-13 жас аралығындағы ұлты қазақ, әдемі, епті, көңілді, түсірілім алаңында жұмыс істеп көрген қыздар іздестіріледі. 

"2017 жылдың 19 желтоқсанда Мәскеуде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен "Первый канал" АҚ бас
директоры Константин Эрнсттің кездесуі барысында, екі ел кино индустриясы мен телевизия саласын дамыту бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісім жасалып, бірлесіп кино түсіру туралы уағдаластыққа келген болатын", – делінген хабарламада. 

Елорданың мерейтойына арналып түсірілетін төрт сериалы көркем туынды Ресейдің "Первый канал" телеарнасынан көрсетілетін болады. Сериалдың режиссерлері – Иван Глубоков (Ресей) және Олжас Ермекбаев (Қазақстан). Аталған фильм мистика және фантастика элементтері бар мелодрама жанрында түсіріледі.

Сериалдың тұсауы биыл Астана күні мерекесі қарсаңында кесіледі. 

Оқи отырыңыз:

Аялдамада тұрған әйелді көлік қағып өлтірді

«Мұның бәрі жалған қойылым» - Қазақстандықтар неліктен атышулы «Қалаулымның» жабылғанын қалайды

Қарағандыда ақша айырбастау пункті тоналды

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін