Жарияланды: 390

«Қазақмыс» корпорациясында қайғылы оқиға

«Қазақмыс» корпорациясында қайғылы оқиға

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі кәсіпорындардың бірінде қайғылы оқиға болды, - деп хабарлады http://24.kz/.

Газ-электр дәнекерлеушісі болып еңбек ететін 1971 жылы туылған азамат қосалқы станцияда жұмыс істеп жатқанда абайсызда тоққа түсіп қалған. Жоғары кернеулі электр желісі денесіне тиіп, тіл тартпай кеткен. Қазір аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін