Қазақмыс Тобы Алматы облысындағы Көксай кен орнын сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақмыс Тобы Алматы облысындағы Көксай кен орнын сатып алды

Қазақмыс Тобы Алматы облысындағы Көксай кен орнын сатып алды

Қазақмыс Тобы Алматы облысындағы Көксай кен орнын сатып алу жөніндегі келісімнің аяқталғаны туралы хабарлайды.

  • 17 Маусым 2014
  • 505
Фото - Caravan.kz

 Көксай компанияның үшінші өркендеу жобасы болмақ. Бұл туралы алғаш рет 2014 жылдың 27 ақпанында жарияланған еді.

 Келісімнің құны 260 млн АҚШ долларын құрайды, оның 65 млн АҚШ доллары кейінірек, ал 30 млн АҚШ доллары 2015 жылдың 1 қаңтарында төленеді. 35 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі екінші траншты кен орнындағы қорлар расталғаннан кейін, 2015 жылдың 31 шілдесінде жүзеге асыру жоспарланған.

 Көксай мыс кен орны Алматы қаласынан 234 шақырым жерде, инфрақұрылымы жақсы дамыған аймақта орналасқан. Құрамындағы мыстың орташа көрсеткіші 0,48 пайызды құраған жағдайда кен орнының қоры 3,4 млн тонна мыс болады деп бағалануда. Сонымен қатар, кен құрамында алтын, күміс және молибден бар.

 Жобаның тұжырымдамалық дайындық кезеңі өтуде. Болжамдық бағалау бойынша, кенішті пайдалану мерзімі орташа жылдық өндірісінің мөлшері шамамен 80 мың тонна катодты мыс, 60 мың унция алтын, 400 мың тонна күміс пен 1 мың тонна концентраттағы молибден болған жағдайда 20 жылдан астам уақытты құрайды.