"Қазақмыста" төбелес шығарған күдіктілер кім екені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмыста" төбелес шығарған күдіктілер кім екені анықталды

"Қазақмыста" төбелес шығарған күдіктілер кім екені анықталды

Ұлытау облысында "Қазақмыс" қызметкерін соққыға жыққан екі күдікті кім екені анықталды. 

  • 12 Наурыз 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Ұлытау облысы ПД қызметкерлерімен әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазба бойынша бұзақылық жасағаны үшін 25 және 45 жастағы екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kzсайтына сілтеме жасап.

Күдіктілердің "Қазақмыс корпорациясы" АҚ "Жомарт" кенішінің қызметкерлері екені анықталды. Олар жұмыс орнында болған кезде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, басқа әріптестеріне құрметсіздік танытып, басқа қызметкермен жанжал туғызды және оған дене жарақатын салды.

Осылайша, күдікті адамдар ұйымның қалыпты қызметін бұзды. Тергеу барысында жанжалдың куәгерлері анықталды. Күдіктілерге қатысты облыс сотының шешімімен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Соталды тергеу жалғасып жатыр.