Жарияланды: 520

"Қазақпарат" агенттігінің басшылығы қызметкерлеріне еңбекақы бойынша қарызын әлі өтемеген

"Қазақпарат" агенттігінің басшылығы қызметкерлеріне мамыр айындағы еңбекақысын әлі төлемеген.

"Еңбекақы мәселесі әлі шешілген жоқ, бірақ шешілуде", - деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне ақпарат агенттігінің Алматыдағы тілшілер бюросының басшысы Сара Мұстафина мәлімдеді. Бұл мәліметті "Қазақпараттың" елордалық кеңсесі де растады. Редакцияның орыс тіліндегі ақпараттың шеф-редакторы Бағдат Ілиясованың "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне мәлімдеуінше, қызметкерлер әлі еңбекақысын күтіп жүр. При этом Б.Ильясова отметила, что журналисты "Казинформа" работают в обычном режиме. "Біз көтеріліске шыққан жоқпыз. Сайт жұмыс істеп жатыр, материалдар жарық көруде, яғни бұл мәселе баяғыда ескірді (...). Біз қалыпты режімде жұмыс істеудеміз", - дейді ол. С.Мұстафинаның айтуынша, "Қазақпараттың" алматылық бюросында журналистер көтерілісі жалғасуда. Көтеріліп отырған қызмепткерлердің бір тобы болса, қалғаны жұмысын жалғастыруда. Бұрын хабарланғандай, 15 маусым күні "Қазақпарат" мемлекеттік ақпарат агенттігінің қызметкерлері Астанада 2011 жылдың мамырындағы еңбекақыны төлеуді талап етіп қарсылық шарасын бастаған болатын. Кейіннен оларға Алматыдағы тілшілер бюросы қосылды. Қазіргі кезде "Қазақпарат" АҚ компаниясының бюджет алдында 200 млн теңге берешегі бар. Осыған байланысты сот талқысы жүруде және компанияның шоты жабылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін