"Қазаққа тіл тигізуді доғарыңыз": Журналист Дина Елгезек қазақты "бейшара" деген Бажкеноваға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазаққа тіл тигізуді доғарыңыз": Журналист Дина Елгезек қазақты "бейшара" деген Бажкеноваға жауап берді

"Қазаққа тіл тигізуді доғарыңыз": Журналист Дина Елгезек қазақты "бейшара" деген Бажкеноваға жауап берді

Белгілі журналист Дина Елгезек қазақты "бейшара" халыққа теңеген әріптесі, журналист Гүлнар Бажкеноваға жауап берді.

  • 23 Тамыз 2022
  • 4526
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Гульнар Бажкенова ханым!
Қазаққа тіл тигізуді доғарыңыз!
Бейшараңыз не?
Бұл шектен шығушылық қой?!
Өзбегің дәл біз секілді геноцид көріп пе? Репрессия, қолдан жасалынған ашаршылық көріп пе? Соғыста біз секілді қырылып па?
Өзбектің бағына орай Тәуелсіздіктің бастауында болған Кәрімов ұлттық мемлекетті құрып тастап, өзбегін Еуразиялық Одақ секілді орыстың, жаһандандық деп батыстың, қарыз сұрап қытайдың да “қорасына” кіргізген жоқ! Ешкімді пысқырмай, тәуелсіз тастүйін саясат жүргізді! Тарихымызға 5 мың жыл деп, латынға өтіп, өзбектің санасын деколонизациялады!
Өзбекте тіл проблемасы деген атымен жоқ!
Олар тұтастай ұлт тілінде сөйлейтін ұлт!
Өзбекте өз тілін білмейтіндер, менсінбейтіндер, қорлайтындар жоқ!
Өзбек дәл қазақ секілді орыстың құқайын көріп отырған жоқ! Шовинистер қашан өзбектің мемлекеттігіне тіл тигізіпті? Қашан ішкі саясатына араласыпты?
Қашан Жириновский, Никонов секілділер өзбекті қорлапты?
Өзбекте орыспен шекаралас 7 мыңдық территория бар ма еді? Өзбектің көңілін күпті еткен — Петропавл мен Павлодары бар ма еді?!
Екі елдегі саяси процестер екі түрлі. Басқа басқа, оны журналист — сіз түсінуіңіз керек!
Өзбектің Кәрімовы билікке ұмтылған өз қызын аяған жоқ!
Қазақтың біліміне, денсаулығына, рухани түлеуіне инвестиция салып па еді?
Қазақтың нендей саяси, экономикалық, әлеуметтік коллапста отырғанын көре отырып, тұтас ұлтты ксенофоб деп кіналау орынсыздау.
Тәуелсіздік алса да өз тілінде сөйлей алмай отырған билікке қазақтың айтар назы орынды.
Гүлнәр, тілі орысша болса да, жүрегі “қазақ” деп соғатындар көп.
Ал нағыз бейшаралар — өзін туған ұлттан жеріп, жүрегі өзге деп ән салатындар", — деп жазды Дина Елгезек.

Журналист Дина Елгезекті қолдап, ақын Исраил Сапарбай "Сен қазақ емессің Дүбарасың! Қаның азған, қазақы қалыбың бұзылған. Тілің шұбар. Орысқұмар бишарасың" деп пікір қалдырды.


 

Гульнар Бажкенова ханым! Қазаққа тіл тигізуді доғарыңыз! Бейшараңыз не? Бұл шектен шығушылық қой?! Өзбегің дәл біз…

Posted by Дина Елгезек on Monday, August 22, 2022

 

Соңғы жаңалықтар