Қазақ-қырғыз шекарасынан өте алмаған жұрт екі күннен бері көліктерінде түнеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ-қырғыз шекарасынан өте алмаған жұрт екі күннен бері көліктерінде түнеуде

Қазақ-қырғыз шекарасынан өте алмаған жұрт екі күннен бері көліктерінде түнеуде

Қазақ-қырғыз шекарасында бұрын-соңды болмаған кептеліс. Шекарадан өте алмаған жұрттың алды екі күннен бері көліктерінде түнеуде.

  • 1 Шiлде 2011
  • 476
Фото - Caravan.kz

Себебі: Кеден одағына байланысты күшейген тәртіп; шекарадан 50 келіден артық жүк алып өтуге тыйым салынған. Енді екі елдің кәсіпкерлері арлы-берлі тауарларын алып өту үшіншекараны күніне бірнеше мәрте кесуге мәжбүр. Қырғыздың әйгілі  Дордойбазарынан күніне дорбасын сүйреткен 2 мыңнан аса адам өтеді екен. Бұған тағы Ыстықкөлден қайтқан отандастарымыз бен тауар толы жүк көліктерін қосыңыз. Екі ел арасындағы кеден бекеттерінің бірі күрделі жөндеуге жабылса, енді бірі жүк көліктері мен туристерді ғана өткізуде.


Мейірхан Сатыбалдин
, Жамбыл облыстық Кедендік бақылау департаментінің бастығы:

— Қазіргі уақытта екі жаққа да 32 мың халық өтіп жатыр, 15  мыңнан. Одан басқа  екі мыңға жуық автобус өтіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар