Қазақстан 2008 - 2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын қабылдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2008 - 2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын қабылдайды

Қазақстан 2008 - 2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын қабылдайды

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2008 - 2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын қабылдайды. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 24 Сәуiр 2008
  • 690
Фото - Caravan.kz

«Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін жоғары қызығушылық тудырып отырған салаларға шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды қарастырады», — деді ол.

Министр экономиканың даму қарқыны техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуынан алда келетінін, маман даярлау өндірістің нағыз сұранысынан кейін қалып қойғанын жеткізді. «Білім берудің мазмұны ел экономикасының талаптарына толық сай келеді деп айту қиын», — деп түсіндірді ол.

Министрдің айтуынша, республикада бүгінгі таңда кем дегенде 100 мың техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жұмысшысы қажет.

«Өндіріс саласындағы маман қажеттігі 34% болса, біз тек 19% даярлаймыз. Ауыл шаруашылығындағы қажеттілік — 13%, біздің дайындайтынымыз — 4%», — деген ақпарат ұсынды Ж. Түймебаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті