Қазақстан 2010 жылға таман жылына 15 400 тонна деңгейінде уран өндіруді жоспарлауда
Алматы. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2010 жылға таман жылына 15 400 тонна деңгейінде уран өндіруді жоспарлауда Бұл туралы Вашингтондағы Карнеги қорында "Ғаламдық әлемдегі Қазақстан" даган тақырыпта баяндама жасаған ҚР СІМ Марат Тәжин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Бүгінде Қазақстан анықталған уран қоры бойынша әлемде екінші орында (Австралиядан кейін), бірақ 2010 жылға таман жылына 15 400 тонна деңгейінде уран өндіру арқылы әлемде бірінші орынға шыға аламыз", - деді М.Тәжин.
"Сонымен бірге, бұған дейін жылу шығаратын элементтер мен оларды құрастыруға қатыспаған Қазақстан 2015 жылы осы нақтың 15% иемдене алады. Қазақстанның ұлттық атом компаниясы "Қазатомөнеркәсібі" АҚШ-тың ірі Westinghouse компаниясына иелік ету арқылы атом электр станцияларын салуға да атсалысатын болады", -деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін