Оның 4400 тоннасы «премиум» класына жататын өнімдер, деп хабарлайды Ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева.
«Биылғы жылы қазан айының соңына дейін біз 4 мың тоннадан астам «қызыл» ет саттық. Құс етімен қоса есептегенде бүгінгі күнге дейін жалпы 8800 тонна етті экспортқа шығардық», — деді ол бейсенбі күні журналистерге.
Вице-министрдің айтуынша, еттің басым бөлігі Кеден одағы елдеріне шығарылды. «Ресейге, Мәскеу мен РФ-ның шекаралас жатқан облыстарына экспорттадық. Ресейге сатылған еттің жалпы көлемі 90 пайызға жуықтайды», — деп түсіндірді ол.
Еттің бір бөлігі Өзбекстан мен Қырғызстанға экспортталыпты. «Еттің белгілі бір бөлігі осы елдерге жіберіп отырмыз. Сонымен қатар, біз «халал» талаптарына сай өндірілген етті ғана қабылдайтын ислам елдеріне де кішігірім мөлшерде ет өткізуге кірістік», — деді ол.