Жарияланды: 1600

Қазақстан 2030 жылға дейін Байқоңырдан «Протон» зымырандарын ұшыру тоқтатылады

Қазақстан 2030 жылға дейін Байқоңырдан «Протон» зымырандарын ұшыру тоқтатылады

Қазақстан 2030 жылға дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон» зымырандарын ұшыру тоқтатылады деп үміттенеді.

Бұл туралы Аэроғарыш комитеті басшысы Талғат Мұсабаев хабарлады. «Ұшырылымдарды қысқарту кестесі бекітілген. Қазір біз Байқоңырдан жылына орта есеппен 15 «Протон» зымыранын ұшырып отырмыз. 2025 жылға қарай жылына 5 зымыран ұшырылады. 2030 жылы «Протон» мүлдем ұшпайды деп үміттенеміз. Яғни, Байқоңырда улы отынмен ұшатын бірде-бір зымыран қалмайды деп сенеміз», - деді ол бесенбі күні «Байқоңыр» айлағының 60 жылдығына арналған «дөңгелек үстелде». «Әлбетте, оның зияны, әсіресе, құлаған кездегі тигізетін зардабы мол. Біз ұшырылымдарды бұдан да ертерек тоқтатар едік», - деді Т.Мұсабаев. «Біз гептилмен ұшатын барлық зымыран тасығыштарды алып тастадық. Тек «Протон» ғана қалды. Ресей әзірге одан бас тарта алмайды. Ресейдің жоғарғы басшылары «Протонды» қалдыра тұруды өтінді. Біз стратегиялық серіктес ретінде оларға түсіністік танытуымыз керек», - деп қосты ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін