Қазақстан 5 млн. тоннаға жуық астықты экспортқа жөнелтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 5 млн. тоннаға жуық астықты экспортқа жөнелтті

Қазақстан 5 млн. тоннаға жуық астықты экспортқа жөнелтті

2016 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, 4,9 млн. тоннаға жуық астық экспортқа жөнелтілді. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлім етті.

  • 19 Ақпан 2016
  • 368
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы маркетингтік жылы, 2016 жылы 1 ақпандағы жағдай бойынша, 4,9 млн. тоннаға жуық астық экспортқа жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 24 пайызға немесе 961 мың тоннаға көп», — деп атап өтті ол.

С.Омаровтың сөзіне қарағанда, былтыр күзде 18,8 млн тонна астық бастырылған, бұл 2014 жылмен салыстырғанда, 1,5 млн тоннаға көп.