Жарияланды: 350

Қазақстан әйелдері ерлермен тең дәрежеде «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын» құруда - Г. Әбдіқалықова

Бүгін Астанада үш күнге жалғасатын ІІІ Еуразиялық Әйелдер саммиті өз жұмысын бастады.

«Бүгінде ерлермен тең дәрежеде «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын» 3 миллионнан астам әйелдер құруда. Олардың басым бөлігі жеке бизес бағытында табысты жұмыс істеп жатыр. ЖІӨ-ні қалыптастыруда олардың үлесі 40 пайызға жуық көрсеткішті құрап отыр»,-деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова саммит барысында. Сонымен қатар ол әйелдердің саяси рөлін ерекше атап өтті. Парламент Мәжілісіне соңғы сайлау нәтижесінде депутат атанған әйелдер саны 1,4 пайызға артып, 24 пайызға жетті. Айта кетейік, бұл шара ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымы ұйымдастырып отыр. Саммит тақырыбы «Қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы әйелдер жетекшілігі» деп аталады. Бұл алқалы жиынға еліміздің барлық өңірінен 350 адам келді, сонымен қатар оған Қатар, Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен қонақтар қатысып жатыр. Жиын аясында «Іскерлік және экономикалық дағдыны дамыту жолымен әйелдер мүмкіндігін кеңейту» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Оның барысында бірқатар сессиялық отырыстар ұйымдастырылмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін