Жарияланды: 460

Қазақстан аймақтарында азық-түлікке бағаның қымбаттағандығы байқалуда

Қазақстан аймақтарында азық-түлікке бағаның қымбаттағандығы байқалуда

Қазақстанның кейбір аймақтарында азық-түлік бағасы аздап қымбаттаған.

Дегенмен дүкендер мен базар сатушылары валюта бағамының өзгеруі халық арасында ерекше бір дүрлігу туғызбаған.
Павлодар облысының дүкендерінде күріш 2,6%, тауықтың сан еті 7,1, тауық жұмыртқасы 2,7, қант 7,4% қымбаттады", деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік пен туризм басқармасынан.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен таралған ақпаратқа қарағанда, аймақ әкімшілігі тұрақтандыру қорынан ресурстарды пайдалану туралы шешім қабылдапты. Осы аптада тұрақты қордан алынған қант әлеуметтік дүкендер мен ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне шығарылады, сол арқылы азық-түлікке деген сұранысты қанағаттандырып, бағаны төмендету көзделген.
Сонымен қатар облыста көкөніс бағасы төмендепті, оның ішінде картоп 6,8%, пияз – 17,1%, қызылша – 25%.
Қостанай облысында әлеуметтік мәні бар тауарлардың бағасы өзгермеген.
Ал киім бағасы өсетін болар, шамамен 20-30% -ға, деді сатушылардың бірі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін