Институт сайты жариялаған мәліменттерге сәйкес, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы рейтингіде 162 елдің ішінен 87 орынға ие болды. Өткен жылы біздің еліміз 103- орында болған еді.
Қазақстан ТМД бойынша өз әріптестерін басып озды. Мәселен Армения — 91-ші, Түркіменстан — 106-шы, Тәжікстан — 108-ші, Өзбекстан — 113-ші, Қырғызстан — 121-ші, Әзербайжан — 132-ші, Украина — 150-ші, Ресей — 152-ші орында. АҚШ бейбітшілік сүйгіш елдер рейтингісінде 94-ші орында, Қытай — 124-ші орында.
Рейтингіні Испания, Дания және Австрия, Жаңа Зеландия және Шейцария бастады. Рейтингінің соңында Орталық Африка Республикасы, Судан, Ауғанстан, Ирак пен Сирия тұр.
Бейбітшілікке жаһандық индекс (Global Peace Index) — бұл әлем елдерінің бейбітшілік сүйгіштігін сипаттайтын кешенді көрсеткіш, онда мемлекет ішіндегі зорлық-зомбылық және оның сыртқы саясатындағы агрессияшылдығы деңгейі өлшенеді. Рейтингі қай елдер адам үшін неғұрлым қауіпсіз (немесе — қауіпті) екенін бағамдауға мүмкіндік береді. The Economist Intelligence Unit (британдық Economist журналының талдамалық бөлімшесі) ұйымының әдісімен есептелген.