Қазақстан ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы өзгертуді қажет етеді, дейді саясаттанушылар - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы өзгертуді қажет етеді, дейді саясаттанушылар

Қазақстан ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы өзгертуді қажет етеді, дейді саясаттанушылар

Қазақстанда билік өкілдері мен медиақұрылымдар арасында ақпараттық қауіпсіздік үшін жауапкершілікті бөлу керек,

  • 14 Қараша 2014
  • 537
Фото - Caravan.kz


дейді президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин.
«Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын әскери доктрина секілді өзгерту қажет. Ол қатып қалған құжат болмау керек. Біз оны үнемі пайда болып жататын жаңа қауіп-қатерлерді ескере отырып қайта қарауымыз қажет. Бұл сыртқы жаулап алу мәселесі ғана емес, радикалдық идеологияның таралу мәселесі», — деп Е.Қарин бүгін Алматыда жетінші "Media Құрылтайға" қатысу барысында атап көрсетті.
«Өкінішке орай, көптеген құралдар тиімсіз болып жатады. Мемлекет жаңа реттеу тетіктерін құруға талпынып жатады, алайда мұнда мәселе тек мемлекетке ғана қатысты емес. Мұнда жауапкершілік бөлінуі тиіс. Тәуекелдік бар, қауіп бар. Бірақ, құдайға шүкір, біз ақпараттық күн тәртібін өзіміз құрамыз. Әрине, бұл мәселеде мемлекеттің рөлі жетекші болады, дегенмен медианың өзі атсалысуы қажет», дейді ол.
Тәуекелдіктерді бағалау тобының директоры Досым Сәтбаев осы форумда атап көрсеткендей, 2016 жылға дейінгі кезеңге арнап 2011 жылы қабылданған республиканың ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасында мемлекеттік құрылымдар арасындағы жауапкершілік шегі жойылған.
«Тұжырымдама өте жақсы жазылған, онда көп пайдалы нәрселер айтылған. Бірақ бұл практикада іске аспайтын бос құжат. Тұжырымдаманы жүзеге асыру 2016 жылы аяқталуы тиіс болғанымен, шын мәнінде орындалмаған тармақтар бар», дейді ол.
Саясаттанушының пікірінше, Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікке кім жауап беретіні түсініксіз. «Күштік құрылымдар, президент әкімшілігі, ақпарат жөніндегі агенттік бар екені түсінікті, бірақ дәл кімге жүгіну керектігі түсініксіз», дейді Д.Сәтбаев.