Қазақстан атауын өзгерту туралы референдум өткізу қажеті жоқ – депутат - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан атауын өзгерту туралы референдум өткізу қажеті жоқ – депутат

Қазақстан атауын өзгерту туралы референдум өткізу қажеті жоқ – депутат

Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев әзірге Қазақстанды Қазақ елі деп өзгертуге қатысты референдум өткізу қажеттігі жоқ деп есептейді.

  • 7 Ақпан 2014
  • 706
Фото - Caravan.kz

«Президент бұл мәселені жан жақты қарастырып, халықпен талқылау қажеттігін айтты», — деп ол бүгін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне мәлімдеді.

Депутат қазіргі кезде осы мәселе бойынша референдум өткізу қажеттігі жоқ екенін мәлімдеді.

Ол бұған референдум өткізу міндетті емес деген пікір білдірді. Бұл мәселе қоғаммен, зиялылармен, жоғары оқу орындарының қызметкерлері арасында, парламентте талқылануы мүмкін екенін айтады.

Бейсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесу кезінде Қазақстанды Қазақ елі деп атау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.