Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады

Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады

10 наурыздан бастап БАӘ-не визасыз кіре алатын болады.

  • 9 Ақпан 2018
  • 262
Фото - Caravan.kz

2018 жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап.

"Достығы берік Қазақстан халқын 10 наурыздан бастап Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 30 күнге дейін визасыз режимнің күшіне енуімен құттықтаймыз. БАӘ-де жақсы уақыт өткізулеріңізді тілейміз", — делінген елшіліктің Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 2017 жылы БАӘ-мен паспорттардың барлық түрлеріне визасыз режим туралы келісім жасалғанын хабарлаған. Келісімдер БАӘ-нің барлық эмираттарымен мақұлдануы керек болатын.


Соңғы жаңалықтар