Қазақстан азаматтары инновациялық гранттарға қол жеткізе алады - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан азаматтары инновациялық гранттарға қол жеткізе алады - БҚО

Қазақстан азаматтары инновациялық гранттарға қол жеткізе алады - БҚО

Қазақстан азаматтары инновациялық гранттарға қол жеткізе алады.

  • 13 Тамыз 2015
  • 310
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Алгоритм» технопаркі» ЖШС-да индустриалды-инновациялық қызметті қолдау шаралары және ұсыным мен қажетті құжаттаманы әзірлеу ерекшеліктерін түсіндіруге арналған семинарда айтылды.

Қазіргі таңда инновацияны мемлекеттік қолдау бағытында мол мүмкіндік беріліп отыр. Соның ішінде инновациялық гранттар, салалық конструкторлық бюро, инноваторлар үшін конкурстар өткізу бар. Бұлардың арасында «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ беретін инновациялық гранттар ерекше орын алады. Инновациялық гранттың барлығы 9 түрі қарастырылған. Қазақстан азаматтарына индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін 2 млн. теңгеден 150 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде гранттар беріледі.

«Алгоритм» технопаркінің мамандары грант алудың жай-жапсарын, басым бағыттарын, қандай құжаттар қажеттігін, қаралу мерзімін толық түсіндірді. Мысалы, өндіріс көлемін арттыруға ниеттенген кәсіпорындарға мамандар біліктілігін жетілдіру, шетелдік мамандарды және консалтингтік ұйымдарды тарту, технологиялар енгізу мен ғылыми зерттеулер жүргізу бағытында грант түрін алуға болады.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен инновациялық қызметті кеңейту бағытында жыл сайын «NIFSOK», «Рационализатор.KZ», «Шапағат», «KazINNO» сияқты республикалық байқаулар да ұйымдастырып келеді.


Семинарда сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалының өкілдері кәсіпкерлікті дамытудың қаржылық тетіктері, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында қаржылық емес қолдау шаралары жөнінде әңгімелеп берді. 

Соңғы жаңалықтар