Жарияланды: 390

Қазақстан азаматтары қажылық парызын өздері таңдаған күндер бойынша өтейді

Қазақстан азаматтары қажылық парызын өздері таңдаған күндер бойынша өтейді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қажылық сапарға байланысты

ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметінен.

Наиб мүфти Қазақстан азаматтарын қажылыққа халықаралық FlayNas әуекомпаниясы тасымалдайтынын тілге тиек етіп, Сауд Арабия Корольдігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осындай ортақ мәмілеге келгенін жеткізді. 
«Енді Қазақстан азаматтары тікелей Мекке маңындағы Жидда қаласына ұшатын болады. Бұл ортақ келісім нәтижесінде қажыларға үлкен жеңілдіктер жасалып отыр», - деді наиб мүфти. 
Мұсылмандықтың бес парызының бірі - Меккеге қажылыққа бару сапары биыл 11 қыркүйекте басталады. Бұрын жерлестеріміз Мекке маңындағы Жидда қаласына жету үшін 16 сағатын шығындайтын. Енді екіжақты келісімнің нәтижесінде сапар 6 сағатқа қысқармақ. 
«Биыл Қазақстан қажылары қыркүйек айының 11-інен бастап, 17-іне дейін Жидда мен Мәдина қалаларына жеткізіледі. Ал қыркүйек айының 27-інен бастап, қазан айының 7-іне дейін қажылық рәсімдерін аяқтап, Алматы қаласына оралатын болады. Қазақстан азаматтары өз таңдаулары бойынша 17 немесе 21 күн ішінде қажылық парызын өтейді», - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін