Қазақстан азаматы Мәскеуде Шыңғыс Айтматовтың төрағалық етуімен берілетін халықаралық "Орыс сыйлығының" иегері болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан азаматы Мәскеуде Шыңғыс Айтматовтың төрағалық етуімен берілетін халықаралық "Орыс сыйлығының" иегері болды

Қазақстан азаматы Мәскеуде Шыңғыс Айтматовтың төрағалық етуімен берілетін халықаралық "Орыс сыйлығының" иегері болды

Бішкек. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан азаматы Мәскеуде Шыңғыс Айтматовтың төрағалық етуімен берілетін халықаралық "Орыс сыйлығының" иегері болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігіне сілтеме жасай отырып.

  • 10 Сәуiр 2008
  • 426
Фото - Caravan.kz

Салтанатты түрде марапаттау рәсімі ТМД және Балтық жағалауы елдерінің жазушыларының, Ресейдің шығармашылық элитасының, Ресей Федерациясы президентінің әкімшілігінің, Мемлекеттік Дума, Федерация кеңесі, өкілдерінің, сондай-ақ, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларының қатысуымен Орталық әдебиетшілер үйінде өтті.

Жыл сайын ТМД және Балтық жағалауы елдерінің жазушыларына берілетін «Ресей премиясы» әдеби конкурсының қазылар алқасының төрағасы Шыңғыс Айтматов қонақтар мен қатысушыларға арнаған тележолдауында орыс тілі мен әдебиетінің маңыздылығын атап өтті және «Орыс премиясын» ауқымдылығы жағынан ең маңыздылардың бірі деп атады.

Қазақстандық Леон Костевич Тәжікстан мен Эстониядан келген екі жазушымен қатар «Шағын проза» аталымы бойынша «Орыс сыйлығының» иегері атанды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті