Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты

Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі бойынша 113 орынның ішінен 32-орынды иеленді.

  • 4 Наурыз 2021
  • 13
Фото - Caravan.kz


Осылайша, 2019 жылмен салыстырғанда өз позициясын 16 тармаққа жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл Corteva Agriscience қолдауымен The Economist Intelligence Unit сарапшылары дайындаған Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексінен алынған.

The Economist Intelligence Unit деректеріне сәйкес, Қазақстан 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан аса маңызды оң серпіні бар ел болып саналады. Халық үшін азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігі, азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі, азық-түлік өнімдерінің болуы секілді көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды. Оң қарқынды қамтамасыз еткен факторлар тізімінде Тhe Economist Intelligence Unit АӨК секторындағы өндірістің тұрақтылығын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік бағдарламалардың қолжетімділігін, халықтың кедейшілік шегінен төмен үлесін, нарықтың және АӨК секторындағы қаржылық қызметтердің, нарықтағы ұсыныстың, микронутриенттердің қолжетімділігін, протеиндердің сапасын, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін, азық-түлік өнімдеріне төмен импорттық тарифтердің, өндіріс пен дистрибуция кезіндегі ысыраптардың төмендігін атап көрсетеді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы, АӨК секторындағы ғылыми зерттеулер сияқты көрсеткіштер бойынша да жақсару байқалды.