Қазақстан "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенін құру туралы Ресеймен арадағы үкіметаралық келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенін құру туралы Ресеймен арадағы үкіметаралық келісімді бекітті

Қазақстан "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенін құру туралы Ресеймен арадағы үкіметаралық келісімді бекітті

Бүгін, 21-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Байқоңыр ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенін құру туралы Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы келісімді бекіту туралы" заңға қол қойдықабылдады,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Қазан 2005
  • 482
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің мақсаты — «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы ғарыштық жер үсті инфрақұрылымы нысандарының негізінде экологиялық қаупі жоқ, жаңа «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру және бірлесе пайдалану барысында тараптар ұстанатын басты ынтымақтастық принциптері мен шарттарын айқындау болып табылады.

Құжатқа сәйкес, «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру үшін Қазақстан жағы «Қазақстан- Ресей бірлескен «Бәйтерек» кәсіпорны» АҚ-ына 19 жыл мерзіммен 223 млн. доллардың бюджеттік несиесін береді. Несиенің негізгі берешегі алғашқы 5 жылда жеңілдікпен өтелсе, одан кейінгі 4 жылда өсімақы 0,5 проценттік жылдық өсіммен жеңілдікпен қайтарылады.
Құжат ережелеріне сәйкес, сонымен бірге Қазақстан жағы келісім аясында құрылған бірлескен кәсіпорынға салық және кедендік жеңілдіктер мен басқа да преференциялар көрсетуге міндетті.