Қазақстан барлық әлемдік экономика үшін күрделі кезеңнен сеніммен өте алады және өңірде көшбасшылық рөлде ойнауды жалғастыратын болады - Әлемдік банк - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан барлық әлемдік экономика үшін күрделі кезеңнен сеніммен өте алады және өңірде көшбасшылық рөлде ойнауды жалғастыратын болады - Әлемдік банк

Қазақстан барлық әлемдік экономика үшін күрделі кезеңнен сеніммен өте алады және өңірде көшбасшылық рөлде ойнауды жалғастыратын болады - Әлемдік банк

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан барлық әлемдік экономика үшін күрделі кезеңнен сеніммен өте алады және өңірде көшбасшылық рөлде ойнауды жалғастыратын болады". Бұл туралы Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Бүкіләлемдік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Шигео Катсу бастаған Бүкіләлемдік банктің сарапшыларының қатысуымен өткізген ҚР үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің (ЭСЖК) отырысында айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қараша 2008
  • 571
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан барлық әлемдік экономика үшін күрделі кезеңнен сеніммен өте алады және өңірде көшбасшылық рөлде ойнауды жалғастыратын болады»,- деп есептейді Бүкіләлемдік банктің вице-президенті Шигео Катсу.

«Суық тиіп ауырған» өзге елдер тәрізді Қазақстан суық ұстап, тұмаумен ауруда»,- деп сөзіне өзгеше мәнде мысал келтірді ол.

Бүкіләлемдік банктің сарапшыларының командасын сондай-ақ, Орталық Азия бойынша өңірлік директор Аннет Диксон, Халықаралық қаржы корпорациясының аға менеджері Томаш Тельма, Орталық Азия бойынша жеке меншік және қаржы секторын дамыту жөніндегі үйлестіруші Даллоллио Андреа, Бүкіләлемдік Банктің Қазақстан бойынша бас экономисі Джон Литвак, Еуропа және Орталық Азия өңірлеріндегі жеке меншік және қаржы секторын дамыту департаментінің директоры Фернандо Монтесс-Негретт және өзге сарапшылар құрады.

ЭСЖК -тің отырысы барысында «үлкен 20-лық» көшбасшыларының саммиті мен ТМД үкімет басшыларының Кишинев саммитінің шешімдерін ескере отырып, туындап отырған әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі үкімет, Ұлттық банк және Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Іс-қимыл жоспарының негізгі ережелері талқыланды.

Сонымен қатар, жаһандық қаржылық және экономикалық дағдарыстар әрекеті мен халықарылық қаржылық архитектураның өзгеруі контексінде Қазақстанның экономикалық дамуының мүмкін боларлық сценариі қаралды.

Үстіміздегі жылғы қазанда қалыптасқан халықаралық кредиттеу жағдайында қазақстандық қаржы жүйесін басқару мәселесіне ерекше назар аударылды.

Жалпы алғанда Бүкіләлемдік банктің сарапшылары әлемдік қаржы дағдарысының «екінші толқыны» әсерінен туындаған мәселелерді шешудегі үкіметтің бағалауы мен көзқарасын қолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар