"Қазақстан барыстарын" жіберіп зорлатасыз ба?": Арман Шораевтың Сәуле Әбілдаханқызын қорқытқаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан барыстарын" жіберіп зорлатасыз ба?": Арман Шораевтың Сәуле Әбілдаханқызын қорқытқаны рас па?

"Қазақстан барыстарын" жіберіп зорлатасыз ба?": Арман Шораевтың Сәуле Әбілдаханқызын қорқытқаны рас па?

Осыдан біраз уақыт бұрын "Қазақстан барысы" жобасының авторы Арман Шораев танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызын сотқа берген болатын.

  • 9 Сәуiр 2020
  • 640
Фото - Caravan.kz

Сәуле Әбілдаханқызы Су ресурстарының комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевтің үстінен арызданған Арман Шораев екенін парақшасында жазған болатын.

Бүгін онлайн сот өтуі тиіс болған, олайн бағдарлама дұрыс жұмыс істемегендіктен, сот отырысы 20 сәуірге шегерілді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Сәуле Әбілдаханқызының Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сәуле Әбілдаханқызының айтуынша Арман Шораевтың адамдары журналистке белгісіз номермен хабарласып оны қорқытқан сыңайлы.

"Мен кінәсіз болсам да, ел алдында атым мен абыройым болса да, кеуде кермей, кішірейе салдым, "сотқа дейінгі талабыңызды" орындап, кешірім сұрай білдім…

Ал сіз маған угроза жасапсыз… мен сіздің емес, сіз менің ар-намысыма тиетін сөздер жазыпсыз…🤔

Мен сізге қатысты, дәлірек айтсам, сіздің арызыңызбен өтіп жатқан сот процестеріне қатысты посттарымда юморға, жеңіл қалжыңға сүйеніп жазған болсам, сіз қара күшіңізді көрсетіп, угроза жасапсыз.

Мені жазалауға кім сізге құқық берді? Сіз жазалаушы органсыз ба? Палачсыз ба? Сіз сотсыз ба? Фашистсіз бе? Әлде рэкеттік жолмен жазаламақсыз ба???
Қалай жазаламақсыз? "Қазақстан барыстарын" жіберіп зорлатасыз ба? Өлтіресіз бе? Азаптап, қинайсыз ба???

Айтпақшы😀😀,, сіздің угрозаңызға "көпбалалы аналар масылдар" деп аузына келгенін оттап жүрген анау екіжүзді, не бай алмайтын, не құдай алмайтын қарасұңқар сияқты қанденнің қаншықтарының айызы бір қаныпты-ау…😀
(Батыржан Сейдомар, Мира Түсіпбаева сияқты "достарым" да айызы қанып, сіздің сөздеріңізге қол соғып, бармақ басыпты…😀😀 кімнің кім екенін көзіме көрсетіп бергеніңіз үшін рахмет!)

Таак… "Жазалаймын" деп қорқытасыз. Бұл — мені қорқытып, өміріме қауіп төндіру деп қабылдаймын.
Енді мен сіздің үстіңізден арыз беруім керек. (Мен затым әйел болса да, "сол маған керек пе?" деп ойланып отырмын… мен осылай ойланып отырғанда, еркек басыңызбен сіз де ойланарсыз…
мүмкін үстіңізден арыз жазармын, мүмкін жазбаспын… әлі де ойланып көремін… мынадай заманда соттасып, ырылдасып жүруге менде желание жоқ… )

"ҚР Бақ туралы" заң да, басқа заңдар да мені бір ғана баппен — "тікелей эфирдегі автор тарапынан айтылған ақпарат үшін журналист жауапқа тартылмайды" деген баппен мені ақтайды.

Заңды өкіліңіз Жандарбек Ожаров арқылы кеше сізге сәлем жолдағанмын. Ол кісі жеткізбеген болса, скриндерін осы жерден оқи аласыз.


Мен — лояльный адаммын. Қателігін мойындай білетін, кешірім сұрай білетін адаммын. Тіпті, кінәм болмаса да, бірінші болып кішірейе салатын кездерім көп. Ешқандай кінәм болмаса да, сол қаңтар айында сізден кешірім сұрау постым да сол ымырашыл, кешірімшіл және кішірейе білетін мінезімнен жазылған еді.

Ол постты бір емес, екі рет жарияладым. Кінәм болғандықтан емес. Өзімнің кінәсіз және ақ екенімді 200% білемін.
"Сот алдындағы талабыңызды" орындай салайын, мен-ақ кішірейе салайыншы, сонымен бір еркек, бір қатын ырылдасқанды доғарайықшы" деген оймен жазылған еді.

Сіз сонда да қанағаттанбай, екінші қайтара қайтадан сотқа бердіңіз.
Ендігі талаптарыңыз — маған қара күйе жағуға арналыпты.

Мен ойлаған едім, "пандемия кезінде халық онсыз да күйзелісте жүргенде, бір-біріміздің жүйкемізді жұқартпай-ақ сот ұсынған "Мировое соглашениемен" осы тірлікті бітіреміз" деп ойлап едім…

Бүгінгі өзіңіз сияқты жігіттердің тым ұсақталып кеткенін көргенде, және кей жігіттердің қатын сияқты мінезін көргенде, "Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа" деген атам қазақ қателескен екен деп ойлаймын.

Мынадай індет кезінде мәселені ушықтырмай, ақылыңыз болса, тұлға екеніңіз рас болса, ұлтжанды екеніңіз рас болса, әлі де ақылға келерсіз деп ойлаймын…

Мені "жазалаймын" деген угрозамен қорқытудың керегі жоқ… маған скрытый нөмірлермен қоңырау шалып қорқытып жүргендер кім екен деп ойлаушы едім… шет жағасы түсінікті болды…
Мен құдайдан ғана қорқамын. Азар болса, адам жалдап зорлатарсыз, өлтірерсіз…
Өмірдің азабы бен тозағын әбден көріп піскен мен үшін Өлім де қорқыныш емес.
Достойно қарсы алатынымды білемін…

Мына скриндер сіздің сенімді өкіліңіз Жандарбек Ожаровпен болған әңгіме.
Ол кісі сізге жеткізбеген болса, оқып шығыңыз.

Әлде нағыз ұлтшылдарды тұншықтырушылардан тапсырма алдыңыз ба?

Қарабет кім екенін де уақыт көрсетеді", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

 

Соңғы жаңалықтар