Жарияланды: 20

Қазақстан баспасөз еркіндігі индексінде бір орын төмендеді

Қазақстан баспасөз еркіндігі индексінде бір орын төмендеді

Қазақстан әлемдегі баспасөз еркіндігі рейтингінде "баспасөзі еркін емес" елдер тобында былтырғыдан бір орын төмендеді деп хабарлады "Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders - ) халықаралық ұйымы.

RWB әлемдегі 2017 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз еркіндігі жөніндегі есебінде Қазақстанның бір саты - 157-орыннан 158-орынға көтерілгенін хабарлады.

25 сәуірде жариялаған есебінде RWB баспасөз еркіндігін тежеу жыл өткен сайын барынша күшейіп бара жатқанын ескертті.

"Саяси жетекшілердің баспасөзге жауыққаны Түркия (157-орын) және Египет (161-орын) сияқты авторитарлы елдермен ғана шектелмеді. Демократиялық жолмен билікке келгендер де қазір баспасөзге демократияның ажырамас құралы ретінде емес, қарсылас ретінде қабылдап, оған өшпенді көзқарасын ашық білдіре бастады" делінген есепте.

RWB индексінде Норвегия мен Швеция көш бастаса, соңғы орында Солтүстік Корея тұр.

Биылғы индексте бұрынғы совет елдерінен Грузия 61-орында, Армения - 80, Молдова - 81, Украина - 101, Ресей - 149, Тәжікстан - 149, Беларусь - 155, Әзербайжан - 163, Өзбекстан - 165, ал Түркіменстан 178-орында тұр. Қырғызстан былтырғыдан тоғыз орын төмендеп, 98-орынға түскен.

2002 жылдан бері жарияланатын индекске 180 мемлекет қамтылған. Индексте мемлекеттердегі плюрализм, БАҚ және заңнама тәуелсіздігі, журналистердің қорғалу көрсеткіштері қамтылған.

Оқи отырыңыз:

Луи Вьютон бренді алматылық барахолканың үстінен шағым түсірді

Есболат Беделхан Black Dial тобынан кеткен рэперлерден 96 миллион теңге талап етті

Танымал журналист Гүлжан Ерғалиеваға іздеу салынды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін