Қазақстан - бұрынғы кеңестік кеңістіктегі Мәскеудің ең сенімді серіктестерінің бірі - РФ президентінің баспасөз қызметі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан - бұрынғы кеңестік кеңістіктегі Мәскеудің ең сенімді серіктестерінің бірі - РФ президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан - бұрынғы кеңестік кеңістіктегі Мәскеудің ең сенімді серіктестерінің бірі - РФ президентінің баспасөз қызметі

Мәскеу. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан - бұрынғы кеңестік кеңістіктегі Мәскеудің ең сенімді серіктестерінің бірі. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз қызметінің өкілі Дмитрий Медведевтің Қазақстанға сапары туралы түсінік беруді сұраған Қазақстан Бүгін тілшісіне атап көрсетті.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан — бұрынғы кеңестік кеңістіктегі Мәскеудің ең сенімді серіктестерінің бірі», — деді Кремль баспасөз қызметінің өкілі. «Бұл Ресей президентінің кейінгі жарты жылдағы Қазақстанға үшінші сапары», -дейді баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21-22 қыркүйекте Ақтөбеде Қазақстан және Ресей президенттерінің қатысуымен Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумы өтеді. Оған 800-ден астам делегат қатысады. Екі мемлекет басшыларынан басқа Ақтөбедегі саммитке Ресейдің көршілес облыстарының губернаторлары, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының мэрлері, Қазақстан Республикасының үкімет мүшелері, шекаралас жеті облыстың әкімдері мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері қатысады.

Ақтөбедегі форумда азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланып, екі елдің ірі кәсіпкерлерінің бизнес-форумы мен тауар өндірушілердің көрмесі өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар