Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-ші сессиясының төраға орынбасарлығына берген Қырғызстан үміткерлігін қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-ші сессиясының төраға орынбасарлығына берген Қырғызстан үміткерлігін қолдайды

Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-ші сессиясының төраға орынбасарлығына берген Қырғызстан үміткерлігін қолдайды

Астана. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-ші сессиясының төраға орынбасарлығына Қырғызстан кандидатурасын қолдайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің бірлескен мәлімдемелеріне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Сәуiр 2008
  • 508
Фото - Caravan.kz

«БҰҰ-ның ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы және басқа да өңірлік ұйымдармен ынтымақтастығының маңыздылығын ескере отырып Қазақстан Қырғызстан Республикасының БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-ші сессиясының төраға орынбасарлығына берген үміткерлік өтінішін қолдайды», — деп көрсетілген құжатта.

Тараптар сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен форумдар, оның ішінде, ТМД, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, ШЫҰ, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Азиядағы сенім шаралары жөніндегі кеңес аясында өзара іс-қимыл мен күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап көрсетті.

Мемлекет басшылары сондай-ақ, 2001 жылдың 15 желтоқсанындағы қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы келісімнің күшіне енудің тарихи маңыздылығын атап өтті. Ол келісім тату-тәтті көршілік қатынастарының, Қазақстан мен Қырғызстан қауіпсіздігінің және жалпы Орта Азиядағы тұрақтылықтың нығаюының әрі қарай тереңдей түсуіне ықпал етпек. Президенттер сондай-ақ, Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық демалыстық шаруашылық нысандарына меншік құқын реттеу туралы үкіметаралық келісімді бекітуге өз ризашылықтарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті