Жарияланды: 450

Қазақстан Даму банкінің несиелік қоры жыл сайын 120-140 млн. долларға өсіп отырады- банк төрағасы

Қазақстан Даму банкінің несиелік қоры жыл сайын 120-140 млн. долларға өсіп отырады. Бұл туралы бүгін, 14-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында банк президенті Қамбар Шалғымбаев хабарлады.

Оның айтуынша, қазір банктің несиелік қоржыны 223 млн. долларды құрайды. Оның 127,2 млн. доллары 14 инвестициялық жобаға арналса, 95,3 млн. доллары 11 экспорттық шараға арнап мақұлданып отыр. Жалпы алғанда, Қазақстан Даму банкіне инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды қаржыландыру жөнінде 2,8 млрд. доллардың 162 өтініші келіп түскен. Қ.Шалғымбаевтың айтуынша, банк негізінен консервативтік кредиттік саясат ұстана отырып қарқынды дамитын болады. "Қазақстан Даму банкі- сапасыз несиелерді жинақтайтын орын деп түсінбеу керек",- деді осы орайда Қ.Шалғымбаев. ҚР үкіметі мен әкімшіліктер құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан даму банкі инфрақұрылымдық жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру жолымен мемлекеттің инвестициялық саясатын жүзеге асыру мақсатымен 2001-жылы құрылған. Банк Standard & Poor's рейтинг агенттігінің "ВВ+", Moody's Investors Service -тің "Ваа3" (болжам-"тұрақты") , Fitch агенттігінің "BB" (болжам "оңды") рейтингіне ие. Банктің жарияланған әрі толық өтелінген жарғылық қоры 30 млрд. теңгені құрайды (204 млн. доллар). Алдағы уақытта банк қарапайым акцияларды шығарып сату арқылы жарғылық қорды 7,7 млрд. теңгеге, республикалық бюджет есебінен бюджеттік несие тарту арқылы міндеттемелер көлемін 4,3 млрд. теңгеге жеткізуді көздеп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть