Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін не істеуі керек - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін не істеуі керек

Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін не істеуі керек

2025 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін  ЖІӨ деңгейінің өсуін жан басына шаққанда 46 100 АҚШ долларына дейін өсіру қажет. 

  • 28 Қараша 2017
  • 1065
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2025 жылға дейін әлемнің 30 дамыған елінің тізіміне кіру мақсатына жету үшін біз мыналарды қамтамасыз етуіміз керек: ЖІӨ деңгейінің өсуін жан басына шаққанда 46 100 АҚШ долларына дейін өсіру, еңбек өнімділігінің жылына орта есеппен 4,7 пайызға арттыру», — деді ол жоспарды таныстыру барысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, өсудің сапасын өлшеу үшін тауарлар мен қызметтерді шикізаттық емес экспорттың үлесінде 44,6-дан 50 пайызға дейін ұлғайту, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесін 26,8-ден 35 пайызға дейін арттыру, негізгі капиталға инвестициялардың ЖІӨ-нен 16,4-тен 19 пайызға дейін өсіру, ұлттық валютадағы несие портфелінің көлемін ЖІӨ-нен 18-ден 50 пайызға дейін өсіру қажет. Мұнан бөлек, цифрландыру индексі бойынша 25, логистика тиімділігінің индексі бойынша әлемдегі 38 елдің қатарына кіру жоспарланады. Бюджеттің мұнай емес тапшылығы үлесін ЖІӨ-нің 6 пайызына дейін төмендету көзделеді.

«Елдің әл-ауқатын арттыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартумен бірге жүруі керек. Оған өмір сүру ұзақтығын 72-ден 75 жасқа дейін ұлғайту, халықтың ең аз қамтылған 40 пайызының табыс үлесінің 22,8-ден 27 пайызға дейін арттыру,  PISA тестіне сәйкес орта білім беру сапасының үш пән бойынша 450-490-ға дейін өсіру, энергия сыйымдылығын 40 пайызға дейін төмендету, өңірлердің ЖӨӨ бойынша даму арасындағы алшақтықты 3,2 еседен 2,7 есеге дейін азайту, Дүниежүзілік банктің индексі бойынша мемлекеттік басқару тиімділігін 51 процентильден 60-75 процентильге дейін көтеру кіреді», — деді Тимур Сүлейменов.


Соңғы жаңалықтар