Қазақстан делегациясы ЭСКАТО-ның 64-ші сессиясына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан делегациясы  ЭСКАТО-ның 64-ші сессиясына қатысады

Қазақстан делегациясы ЭСКАТО-ның 64-ші сессиясына қатысады

Астана. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі Нұрлан Дәненов басқарған еліміздің өкілдері БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағының елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 64-ші сессиясына қатысады. Сессия сәуірдің 28 мен 30 аралығында Бангкокте өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 28 Сәуiр 2008
  • 439
Фото - Caravan.kz

«Бангкокте сәуірдің 28 мен 30 аралығында БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағының елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 64-ші сессиясы өтеді. Оған Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі Нұрлан Дәненов басқарған еліміздің өкілдері қатысады», — деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, сессия барысында Н. Даненов «министрлердің дөңгелек үстелінде «Азия-тынық мұхиты аймағы елдеріндегі мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы»тақырыбында сөз сөйлейді, сондай-ақ, «Азия және Тынық мұхиты аймағының елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының аймағында мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу» атты арнаулы отырыста сөз алады».

«64- сессия аясында Қазақстан делегациясы атқарушы хатшы Нойлен Хейзермен және комиссияға мүше елдердің делегацияларының басшыларымен жүздесуді жоспарлап отыр», — деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті