Қазақстан экономикалық өсімнің қажетті қарқынына шығуда - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экономикалық өсімнің қажетті қарқынына шығуда - Назарбаев

Қазақстан экономикалық өсімнің қажетті қарқынына шығуда - Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша экономикалық өсімнің тиісті қарқынына шығуда деп мәлімдеді.

  • 2 Шiлде 2014
  • 652
Фото - Caravan.kz

«Жартыжылдықтың басты қорытындысының қарапайым шындығы Қазақстанның экономикалық өсімнің қажетті қарқынын ала бастауында. Егер әлемдік экономиканың қалпына келуі баяу екенін ескерсек, бұл өте маңызды. Көптеген сарапшылар 2014 жылы ғаламдық экономикалық өсімнің қалыпты болжамын келтіруде», — деп президент бүгін Астанада Индустриаландыру картасының инвестициялық жобаларын таныстыруға арналған жалпыұлттық телекөпір барысында атап көрсетті.

Н.Назарбаев 2014 жыл елдің индустриалдық-инновациялық дамуының бірінші бесжылдығын аяқтайтынын атап көрсетті.

Оның айтуынша, келесі кезекте үкімет жұмысын аяқтағалы отырған екінші бесжылдық жоспары. Президент атап өткендей, бүгінгі таңда Индустриаландыру картасының индустриалдық-инновациялық нысандарын таныстыру үкімет пен әкімдер жұмысының аралық қорытындысы ғана емес, жалпы үкіметтің алдағы бес жылдық жұмысының алдын ала қорытындысы.

Енді біз 2050 жылдың басты мақсатына қадам аттап отырған кезде бағдар жасаудың, 2014 жылдың алғашқы қорытындыларының маңызы зор. Біз айтарлықтай оң нәтижелерге қол жеткіздік, бірақ бағдарламаны жүзеге асырудың бұл ілгерілеушіліктері экономикамыздың құрылымына айтарлықтай ықпал етпеді, дейді президент.


Қазақстанның ІЖӨ 2014 жылдың қаңтар-мамыр айларында 4,1%-ға артты.