«Қазақстандық банктер үшін шетелдік ресурстарды тарту шарты қатайтылғанына және бұрын алған несиелерді қайтару төлемдерінің көлемі жоғары екеніне қарамастан, экономиканы несиелендіру көлемінің айтарлықтай төмендеуі байқалмайды», — деді Б. Сұлтанов.
Оның мәліметінше, жылдың басымен салыстырғанда 1-наурыздағы жағдаймен екінші деңгейлі банктердің экономикаға таратқан несиелері небәрі 0,26%-ға азайды, «ең алдымен жеке тұлғаоларды несиелендіру көлемінің төмендеуі есебінен» азайған. «Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда несиелер көлемі 44%-ға өссе, жылдың басынан бері резиденттердің депозиттерінің көлемі 2%-дан аса, ал халықтың банктердегі салымдарының көлемі 1,8%-ға өсті», -деді министр.
Оның мәліметінше, еліміздің халықаралық резервтері 1 тоқсанда 9,7%-ға, $42,4 млрд дейін, еліміздің сыртқы сауда айналымы 2008 жылдың қаңтар-ақпан айларында 41,8%-ға, соның ішінде экспорт 62%-ға, импорт — 10,9%-ға өсті. Бұл орайда импорт құрылымындағы біршама үлес — 41,6% — машиналар мен жабдықтарға тиесілі болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті