«Менің пікірімше біздің кейбір БАҚ құралдарында біздегі дағдарыс жүйесі өтті, бізде бәрі ойдағыдай деп айтылатын пікірлері орынды емес. Бұл — жалған», — деп мәлімдеді ол агенттік тілшісіне берген сұхбатында .
«Бұл дағдарыс толқын түрде өтуде және келесі дағдарыс легі болашақта болады. Үкімет дағдарыстың бірінші толқынына орай тиісті шараларды қолға алды, сондықтан біз оны толық сезінгеніміз жоқ «, — деп түсіндірді Г. Қарақұсова.
«Бүгінгі кезде келесі дағдарысқа төтеп беру үшін жүйелі түрде дайындық жасау керек», — деп атап өтті ол.
» Экономикада орын алған тұрақсыздық қаржы дағдарысында ғана емес, тіпті монетарлық факторларына да қатысты емес», -деп есептейді Г. Қарақұсова. Оның пікірінше, бұл жағдайда үкіметтің қолға алып отырған шараларының жүйелілігі аса маңызды болып отыр.
«Менің ойымша, экономиканың өзгеруі тағы да үш-төрт жылға созылуы ықтимал. Егер үкімет жолда бар тәуекелдерге дұрыс баға беріп, оған қарсы тұруға дайын болса, онда бұл экономика үшін қауіпті емес», -деп есептейді ол.
«Бұған байланысты ешқандай үрей пайда болмау керек, қыс суық болса да бәрібір қыс болады, ол ерте ме кеш пе аяқталып көктем келеді «, — деп қорытындылады депутат.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті