«ЕҚЫҰ-ның әлеуеті жоғары. ЕҚЫҰ алдында тұрған мақсаттарды шешуге қажетті сенімді құралдарға біз де иеміз», — деді М. Тәжин.
Оның айтуынша, «Қазақстан қазір ЕҚЫҰ 2010 жылы төраға болу функциясын атқаруға белсене әзірленуде». «Біз бірқатар ұйымдастырушылық қадамдарды жасадық», — деді министр.
«Біз ЕҚЫҰ халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті сақтауға қолдау көрсететін бірегей диалог алаңы ролін одан әрі атқара беруге тиіс», -деп мәлімдеді ҚР СІМ.
«Біздің ортақ мақсатымыз — қазіргі заманғы қауіп-қатерлер ұлғая түскен сәтте ұйымды қуатты әрі тиімді болдыра түсу», — деді М. Тәжин.
«Қазақстан ЕҚЫҰ-ның халықаралық сахнадағы, соның ішінде біздің өңірдегі ролі мен ықпалын көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады», -деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті