Қазақстан ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекітті

Қазақстан ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекітті

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі 2000 жылдың 10 қазанындағы келісімге түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 425
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, хаттамада ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге екі нақтылау енгізу қарастырылған.

Атап айтсақ, хаттама «Кедендік одақтың жоғарғы органы» ретінде Мемлекетаралдық кеңестің құзыретін заңдастырады.

Бұған қоса хаттама Қоғамдастық сотына ЕурАзЭҚ аясында туындаған дау-дамайларды реттеу органының функцияларын береді.

Хаттамаға 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті