Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Венгрия Қазақстан үшін Шығыс Еуропадағы келешегі зор серіктесі болып табылады, екі ел арасындағы қарым-қатынастың әлеуеті үлкен. «Біз Венгрияның шағын және орта бизнесін елімізден көргіміз келеді», — деді президент.
«Біз Қазақстан Nabucco жобасына қызығушылық танытады деп үміттенеміз», -деді рәсімнен кейін Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Янош Балла.
Ол ағымдағы жылдың қараша айында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан — Венгрия үкіметаралық комиссиясы құрылатынын, оның аясындағы ынтымақтастық ауылшаруашылығы мен транспорт саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге тың мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті