«Біз Ресей және Франция президенттері форматын келісіп, кейін оған Грузия мен Оңтүстік Осетия қосылған шиеленісті реттеу жоспарына қол қойылуын қолдаймыз. Бұл аталған күрделі проблеманы шешуге саяси-құқықтық негіз қалайтын оңды факт екені сөзсіз. Шиеленісті бейбіт жолмен реттеуге балама жоқ», -деді Е. Ашықбаев.
«Осыған сай біз реттеу жұмыстары БҰҰ жарғысымен, ЕҚЫҰ-ның Хельсинкидегі қорытынды актісімен, сондай-ақ, 1966 жылғы азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пактілермен айқындалған құқықтық кеңістікте жүргізілуге тиіс деп санаймыз», -деді СІМ өкілі.
Оның айтуынша, «Қазақстан бұл өңірде гуманитарлық апат болып жатқанын байқап отыр және сол себепті бүгінде зардап шеккен қарапайым азаматтарға қайырымдылық көмектің кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз ету — аса маңызды міндет болмақ».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті