Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.
2014 жылы 7 қарашада ішкі істер министрінің бұйрығымен бұрын Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары болған полиция полковнигі Серік Сүйінбаев Штаб-департаменттің басшысы болып тағайындалды.
Әкімшілік полиция төрағасының орынбасары болып бұрын жедел жоспарлау департаментін басқарған полиция полковнигі Қайрат Мұхитов тағайындалды.
Жедел жоспарлау департаментіне полиция генерал-майоры Қайрат Тыныбеков басшы болып тағайындалды.