"Қазақстан инжиниринг" басшысының бұрынғы орынбасарын үйқамаққа ауыстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан инжиниринг" басшысының бұрынғы орынбасарын үйқамаққа ауыстырылды

"Қазақстан инжиниринг" басшысының бұрынғы орынбасарын үйқамаққа ауыстырылды

"Қазақстан инжиниринг" компаниясы басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары, ақпан айында коррупциялық қылмыс жасады деген күдікпен қамалған Қанат Сұлтанбеков үйқамаққа шығарылды. Астана қалалық сотының хабарлауынша, Сұлтанбековті үйқамақта ұстау мерзімі 16 тамызға дейін ұзартылған.

  • 16 Маусым 2017
  • 331
Фото - Caravan.kz

"Есіл аудандық соты 26 мамырда қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын үйқамаққа ұстауға өзгертті. 6 маусымда сот тергеу органының өтінішін қарап, қанағаттандырды" деді соттың баспасөз қызметінде.

41 жастағы Қанат Сұлтанбековқа қатысты тергеу "аса ірі көлемде пара алу" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы толық айтылмайды.

Сұлтанбеков компания басқарма төрағасының орынбасары қызметін 2015 жылдың ақпанынан бері атқарған. Компанияның бірден-бір акционері "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры саналады. Компания 2016 жылдың желтоқсанынан бері қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқаруында.


Соңғы жаңалықтар