Қазақстан ипотекалық компаниясының бағалы қағаздар операциясы жөніндегі бөлім бастығы Марс Алдашовтың айтуынша, мұндай мүмкіндік компанияның кезекті облигациялар шығаруды жоспарлауына және еліміздегі инфляция индексінің төмендетілу ықтималдығына байланысты.
Атап айтсақ, Қазақстан ипотекалық компаниясы 3 млрд. теңгеге 10 жылдық облигациялар шығаруды көздеп отыр. Бұл эмиссияны компания алдағы екі аптада тіркейді. Ал облигацияларды саудаға шығару мерзімі қазір қарастырылу үстінде.
Бүгінде котировкалық ставка 10,6 процентті құрап отыр. М.Алдашовтың айтуынша, соңғы 7 айда ставка шамамен 4 процентке азайтылған. Бұл — рекордтық көрсеткіш, алдағы уақытта мұндай қарқынға қол жеткізу мүмкін емес,- дейді Марс Алдашов.
Компаниядан келтірілген ақпаратқа сүйенсек, 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында компанияның таза пайдасы 2002-жылдың осы мерзіміндегі 24,4 млн. теңгеден 66,8 млн. теңгеге дейін, ал активтері 1,076 млрд. теңгеден 2,321 млрд теңгеге дейін, жеке капиталы 1,683 млрд. теңгеден 1,074 млрд. теңгеге дейін, несиелік қоржыны 1,788 млрд. теңгеден 235,2 млрд. теңгеге дейін өскен. Компанияның жарғылық қоры 1,5 млрд. теңгені құрайды.
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ЖАҚ еліміз үкіметі тарапынан бекітілген тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және елімізде ипотекалық несие беру жүйесін дамыту жөніндегі концепцияға сәйкес құрылған. Компанияның құрылтайшысы ҚР Ұлттық банкі болып табылады .