Қазақстан ішкі нарықты тауық жұмыртқасымен толық қамтамасыз етіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ішкі нарықты тауық жұмыртқасымен толық қамтамасыз етіп отыр

Қазақстан ішкі нарықты тауық жұмыртқасымен толық қамтамасыз етіп отыр

Құс жемінің қымбаттауына байланысты құс өсірушілер қиындыққа тап болып отыр.

  • 21 Шiлде 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан құс өсірушілері одағының президенті Руслан Шәріпов, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Жұмыртқа бойынша 100 пайыз қамтамасыз етіп отырмыз, 5 млрд-тан жұмыртқа жинаймыз. Былтыр 286 мың тонна құс еті өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 300 мың тоннаға жетіп қалуы мүмкін», — Р. Шәріпов елордадағы ІХ халықаралық құс өсірушілер форумында тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол құс жемінің қымбаттауына байланысты құс өсірушілер қиындыққа тап болғанын айтты.


«Құс жемінің бір тоннасы 180-190 мың теңгеге жетті. Құс еті мен жұмыртқаның өзіндік құнында 70 пайызы жемнің бағасына қатысты болады. Егер құс жемі арзан болса, онда біздің өнім де нарыққа төмен бағамен шығады», — деді Р. Шәріпов.

Қазақстанның құс өсірушілері осы салаға мемлекеттік қолдау жасауды сұрап отыр.