Қазақстан Каспий мұнайын Баку-Тбилиси- Жейхан мұнай құбырына жеткізетін транспорттық жүйені құруды жеделдетуде - Мыңбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Каспий мұнайын Баку-Тбилиси- Жейхан мұнай құбырына жеткізетін транспорттық жүйені құруды жеделдетуде - Мыңбаев

Қазақстан Каспий мұнайын Баку-Тбилиси- Жейхан мұнай құбырына жеткізетін транспорттық жүйені құруды жеделдетуде - Мыңбаев

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Каспий мұнайын Баку-Тбилиси- Жейхан мұнай құбырына жеткізетін транспорттық жүйені құруды жеделдетуде, деп мәлімдеді журналистерге берген сұхбатында еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Парламент кешегі отырыста Әзербайжанмен арадағы келісімді бекітті, онда мұнай өнімдерін тасымалдаудың Қазақстан -Каспий жүйесін құруды жеделдету көзделген», -деді С. Мыңбаев.

«Жоба уақытылы жүзеге асырылған жағдайда біздің мұнайды БТЖ жүйесіне жеткізу көлемі жылына 23 млн тоннаны құрайды», -деді ол.

«Жүйені құрудың тұжырымдамалық бөлігі құқықтық тұрғыда толық реттелген және енді біз ұлттық компаниялардың деңгейінде техникалық уағдаластықты жеделдете атқаруға тырысатын боламыз», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті