Жарияланды: 450

Қазақстан Халқы ассамблеясы Дымовты парламент мәжілісінің депутатына сайлады (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Халқы ассамблеясы Дымовты парламент мәжілісінің депутатына сайлады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Парламент мәжілісінің депутатын сайлау бүгін Қазақстан Халқы ассамблеясының XIV сессиясы барысында өткізілді. Астана сайлау комиссиясының төрағасы Қаршыға Құлмұхановтың айтуынша, 382 сайлаушыдан дауыс беруге 331 адам қатысты. "Олег Дымов үшін 306 сайлаушы, немесе 92,4% дауыс берді", - деді ол. Қаршыға Құлмұханов сонымен бірге теріс толтырылуға байланысты 25 бюллетень жарамсыз деп танылғанын хабарлады. Олег Дымов 1946 жылдың 4 желтоқсанында Павлодар облысында туған. Ол болғар ұлтынан. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 16 қазанда Орталық сайлау комиссиясы, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 89 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған, шығып қалған депутатының орнына Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі ұсынған Олег Григорьевич Дымовты кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады. Ал бұған дейін ассамблеядан сайланған депутат Виктор Цой өз өтініші бойынша депутаттық өкілеттіліктен бас тартты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін