Қазақстан халқы 2013 жылдың 1 шілдесіне шаққанда 18 мыңға артып, 17 млн 28,6 мың адамға жетті, деп статистикалық агенттік мәлімдеді.
Статистикалық мәліметке сәйкес, Қазақстан халқының табиғи өсімі маусым айында 18 мың 993 адамға жетті, ал жалпы 2013 жылдың қаңтар-маусым айларында — 118 мың 181 адамды құрады (2012 жылдың сәйкес мерзімінде — 114 мың 884 адам).
Елдегі өзге демографиялық жағдай сипаттамалары бойынша уақытшы көрсеткіштер былай қалыптасқан: бала туу — 29 мың 299 адам және 188 мың 632 (187 мың 387), өлім-жітім — 10 мың 306 адам және 70 мың 451 (72 мың 503).
2013 жылдың маусымында республикада 14 мың 419 неке қиылды, жалпы 2013 жылдың қаңтар-маусымында 71 мың 165 неке (2012 жылдың қаңтар-маусымында – 70 мың 488).
Сонымен қатар, 2013 жылдың маусым айында 4 мың 64 ажырасу, қаңтар-маусым айларында — 24 мың 650 ажырасу тіркелді (23 мың 239).
2013 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстаннан 10 мың 8 адам басқа жаққа қоныс аударды (былтырғы сәйкес мерзімде 12 мың 410), елге қоныс аударғандар – 10 мың 663 адам (16 мың 40).