Қазақстан Халықтық банкі 1,3 млрд. теңгелік сегізінші акциялар эмиссиясын тіркетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халықтық банкі 1,3 млрд. теңгелік сегізінші акциялар эмиссиясын тіркетті

Қазақстан Халықтық банкі 1,3 млрд. теңгелік сегізінші акциялар эмиссиясын тіркетті

ҚР Ұлттық банкі "Қазақстан Халықтық банкі" ААҚ-ның 1,31 млрд. теңгелік сегізінші акциялар эмиссиясын тіркеді. Бұл банктің жарияланған жарғылық қоры 11,2 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы Халықтық банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Шiлде 2003
  • 430
Фото - Caravan.kz

Банктің жарияланған жарғылық қорын қарапайым иелі акциялар шығару арқылы ұлғайту туралы шешімді «Қазақстан Халықтық банкі» ААҚ-ның директорлар кеңесі 2003-жылдың 29-сәуірінде болған акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне негіздей отырып биылғы жылдың 29-мамырында қабылдады.

Қазір Қазақстан қор биржасының сауда алаңында Халықтық банктің қарапайым және артықшылықты акциялары мен субординациялық облигацияларының үш эмиссиясы сатылуда.
«Қазақстан қор биржасы» жабық акционерлік қоғамындағы маркет-мейкерлік міндетін «KIB Asset Management» ЖШС брокерлік компаниясы атқаруда.
2003-жылдың алғашқы жартысындағы қорытынды бойынша Халықтық банктің таза пайдасы 3,050 млрд. теңге немесе 20,6 млн. долларды, банк активтері 228,167 млрд. теңге немесе 1,542 млрд. долларды, жеке капиталы 22,634 млрд. теңге немесе 152,9 млн. долларды құрады.
Халықтық банк — Қазақстандағы банк жүйесін қалыптастырушы жетекші үш банктің қатарындағы қаржылық институт. Халықтық банктің филиалдық желісіне 582 құрылымдық бөлімше қамтылады, соның ішінде 20 облыстық және аймақтық, 135 аудандық, 427 есеп-кассалық бөлімшесі бар. Төлем карточкалары бойынша қызмет көрсету желісінде 371 банкомат, 1869 POS-терминал мен 1168 импринтер бар.