Қазақстан химиялық заттар мен пестицидтердің халықаралық сауда-саттығын реттеу жөніндегі Роттердам конвенциясын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан химиялық заттар мен пестицидтердің халықаралық сауда-саттығын реттеу жөніндегі Роттердам конвенциясын бекітті

Қазақстан химиялық заттар мен пестицидтердің халықаралық сауда-саттығын реттеу жөніндегі Роттердам конвенциясын бекітті

АСТАНА. 21-наурыз. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанды жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтердің халықаралық сауда-саттығына қатысты алдын-ала негізді келісімге келу процедурасы жөніндегі Роттердам конвенциясына біріктіру және оны бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Наурыз 2007
  • 692
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, конвенцияның мақсаты — жекелеген қауіпті химиялық заттарды импорттаушы және экспорттаушы елдердің аумағында осындай өнімдердің айналымы мен пайдаланылуын қадағалауды бір жүйеге келтіру арқылы олардың халықаралық сауда-саттығын реттеу болып табылады.

Конвенция тыйым салынған немесе қатаң шектелген химиялық заттар мен айрықша қауіпті пестицидтерге қатысты қолданылады.

Конвенцияға 1998-жылдың 10-қыркүйегінде қол қойылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті