Қазақстан КО серіктестерімен келіссөздер жүргізген соң мұнай өнімдерінің экспортына салынған тыйымды ұзартатын шығармыз деп үміт етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан КО серіктестерімен келіссөздер жүргізген соң мұнай өнімдерінің экспортына салынған тыйымды ұзартатын шығармыз деп үміт етеді

Қазақстан КО серіктестерімен келіссөздер жүргізген соң мұнай өнімдерінің экспортына салынған тыйымды ұзартатын шығармыз деп үміт етеді

Қазақстан Кедендік одақ (КО) серіктестерімен келіссөздер жүргізген соң мұнай өнімдеріне салынған тыйымды ұзартатын шығар деп үміт етеді, деп ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

  • 31 Мамыр 2011
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Біз мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салу мерзімін ұзартатын шығармыз деп үміт етеміз, бұл туралы КО серіктестермен келісуіміз қажет», — деді журналистерге С. Мыңбаев сейсенбі күні үкіметтегі селекторлық кеңес қорытындысында.

Бұл ретте ол, салынған тыйым мерзімі нарықтағы ахуалға байланысты болады дейді.

Бұрындары мұнай және газ министрлігі мұнай өнімдеріне салынатын тыйымды 1-ші шілдеден кейін ұзартпақ ниетінің барлығын мәлім еткен.

«Егін науқанының кестесінің жылжуына байланысты ЖЖМ нарығының тұрақсыздануын болдырмау үшін, қазір мұнай өнімдерінің экспортына салынған тыйымды ұзарту мәселесі қарастырылуда», — делінген дүйсенбі күні таратылған министрліктің хабарында.

Еске сала кетсек, Қазақстанда көктемгі егін науқаны қарсаңында 1-ші шілдеге дейін ашық түсті мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салынады.

Сондай-ақ баспасөз қызметінде, МГМ республиканың ЖҚС-тарындағы маусым айындағы бөлшек саудадағы бензин бағаларының шекті мәнін бекіткенін хабарлады. АИ92/93 бензині – литріне Т102; АИ-80 – Т83, дизелдік отын – Т87 болатын болды.

Соңғы жаңалықтар