Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтың бюросы директоры Ханс Клюге Еуропада COVID-19 індетінің жаңа толқыны басталғанын мәлім етті. Сонымен қатар, індет өршіп тұрған елдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz порталы rg.ru-ға сілтеме жасап.
Соңғы екі аптада жаңа науқастар санының күрт өсуі 30 мемлекетте тіркелді. Олардың ішіндегі 11 елде вирустың жылдам таралуы үлкен қауіп туғызып отыр,- деді ол баспасөз жиынында.
Кейінірек ДДСҰ вирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарына Армения, Швеция, Молдавия, Солтүстік Македония, Әзербайжан, Қазақстан, Албания, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Украина мен Косово кіріп отырғанын хабарлады.