Қазақстан коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатыр

Қазақстан коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатыр

Қазақстан коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты.

  • 16 Сәуiр 2020
  • 54
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз ауру жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатырмыз. Дәрежесі 100 мың тұрғынға 7 адамнан келеді. Осыған байланысты толық масштабта скрининг бастап жатырмыз, бұл скринингтен әсіресе елді мекендердің тұрмысын қамту мен жұқтыру қаупі жоғары қызметке тартылғандар өтеді. 20 сәуірге дейін белсенді түрде тестілеу өткіземіз", — деді Ақтаева брифингте. 

"Мұнымен қатар, медициналық ұйымдар эпидемияға қарсы күшейтілген режимге өтеді, мұнда әрбір науқас жұқтырған деген күдікті ретінде қаралады, сондықтан дәрігерлер жеке қорғаныш құралдарымен ғана көмек көрсетеді", — деді ол.

Ақтаеваның айтуынша, медұйым жетекшілері персоналды қорғаныш құралдармен қамтамасыз етуі керек, себебі олардың өміріне жауапты. 


"Дәрігерлерді науқастармен жұмыста сақ болуға шақырамыз, барлық қауіпсіздік шарасын сақтау керек", — деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар